13 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес Саясат

    Мөлдір Әуелбекова басшылық қызметке тағайындалды

    Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметке тағайындалды . Бұл жайында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз-хатшысы Айдар Қырықбаев өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

    “29 сәуір, 2019. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ж.Сейдуллаұлының бұйрығымен Мөлдір Әуелбекова шығармашылық қызметтің басшысы болып тағайындалды.

    Эстрада, классика, фольклор, театр бағытындағы еліміздің үздік шығармашылық ұжымдарын бір арнаға тоғыстырып, қазақ өнерінің қарашаңырағына айналған «Қазақконцерттің» шығармашылық қызметіне енді Мөлдір Әуелбекова басшылық жасайды.

    Бұдан бұрын ол «Қазақконцерттің эстрадалық топтарына жетекшілік етіп, шығармашылық ізденістерінде жаңа идеялар мен тың бастамаларға бейім екендігін көрсетті. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі 2011 жылы эстрадалық өнер магистрі атанған. ​ ​

    Мөлдір Есіркепқызының шығармашылық жолы талант, кәсібилік шеберлік, тынымсыз еңбек нәтижесінде биік белестерді бағындыруға болатынын дәлелдейді. Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, танымал әнші, актриса әрі жас продюсер ретінде Мөлдір Әуелбекова қазақ эстрада өнерінің дамуына елеулі үлес қосуда. ​ ​

    Мəдениет жəне ɵнер саласындағы жоғары жетiстiктерi үшiн 2018 жылы «Құрмет» орденінің иегері атанды. ​ ​

    Еліміздің мәдени кеңістігінде өзіндік орны бар кәсіби өнер иесі ретінде Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметте абырой биігінен көрініп, шығармашылық салада биік асуларды бағындыратынына сенеміз”, – деп жазады Айдар Қырықбаев.

    қатысты посттар

    Иманғали Тасмағамбетов #Abai175 эстафетасын жалғастырды (видео)

    “Екі ер адам төсекте жалаңаш жатқан…” Танымал актер полицияға арыз жазды

    Зауыт басшысы қазақ жұмысшыларын балаға кәмпит беріп алдағандай қытай тілін үйретпекші

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.