9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Оқиға

    Үш қызды азаптаған жетісайлық өгей ана үй қамауына алынды

    Жетісайлық өгей ана тергеу изоляторынан үй қамауына ауыстырылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының кеңсесіне сілтеме жасап. 

    “Жетісай аудандық соты тергеу барысында үй қамауына алу туралы үкім шығарды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы, 2-бөлімінің 1 мен 2-тармақтары (“Қинау”) және140-бабының 2-бөлімі (“Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау”) бойынша қылмыс жасады деген айып тағылды”, – деді сотта. 


    Өгей анадан зардап шеккен үш қыздың әкесі оның ортақ үйге оралмағанын айтты.  

    “Ол жүктіліктің жетінші-сегізінші айында. Баланы босануы үшін жіберген болар. Маған келмеді. Өз туыстарына кеткен шығар. Бірақ онымен сөйлескім, тіпті, көргім келмейді. Қыздарым қазір бейімдеу орталығында. Ортақ ұлымыз бар. Қазір оның қайда екенін білмеймін. Оны іздеп жатырмын”, – деді ер адам. 

    Айта кетейік, 28 жастағы әйелге 2003, 2005 және 2007 жылғы қыздарды қорлады деген айып тағылған. 

    Осыған дейін өгей ана қыздарды қанша рет және қалай жазалағаны туралы жазбаша есеп жүргізген. Қыздардың туысы болып келетін Эльвира Қойымбетованың айтуынша, олардың туған шешесі бес жыл бұрын тастап кеткен, содан кейін балалар анасын көрмеген.

    қатысты посттар

    Шымкентте зертхана қызметкерлері ереуілге шықты

    Фариза

    Адам ағзасына ең пайдалы сусындар

    Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай режимін ұзартты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.