12 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Авто Оқиға

    Қордай маңында автобус жол апатына ұшырады: 11 адам қаза тапты

    Жамбыл облысында жолаушылары бар автобус жол апатына ұшырады: 11 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 20 сәуірде таңғы шамамен 5.00-де Жамбыл облысы Қордай ауданында, Алматы – Ташкент автожолының 181-ші шақырымында Toyota маркалы көлік жол шетінде тұрған жүк көлігін соққан.  Осы сәтте жолмен келе жатқан жолаушылар автобусы осы көліктермен соқтығысудан қашып, салдарынан жол шетіне шығып кетіп, аударылып қалған. Жол апаты салдарынан оқиға орнында 8 адам қаза тауып, тағы 32-сі медициналық мекемеге жеткізілген. Ауруханада тағы үш адам қайтыс болған.  Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Б.Орынбеков, облыс прокуроры Д.Құсайынов, облыстық полиция департаментінің басшысы, төтенше жағдайлар департаментінің басшысы және қорғаныс істері басқармасының басшылары аттанды. Апат-құтқару жұмыстарына 50 адам жұмылған. Сондай-ақ құтқару қызметінің 15 дана техникасы тартылған.  Облыс әкімдігі дереу жедел штаб құрып, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті психологтар кезекшілік ететін “Қауырт желі” ашты – +7(7262) 513575 және +7(7262)514167.  Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес соталды тергеу басталған.

    қатысты посттар

    Ақмола облысында газ баллоны жарылды: үш адам көз жұмды – видео

    Фариза

    Шереметьевода қаза тапқан бортсеріктің анасы ұлының өлімі жайлы айтты

    Атыраулық дәрігерлердің сұмдық әрекеті әшкереленіп жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.