12 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Балалар 6 жастан бастап мектепке баруға міндетті ме: Министр жауап берді

    Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова үкіметтің баспасөз-конференциясында балалар алты жастан бастап мектепке баруға міндетті ме деген сұраққа жауап берді деп жазады Nur.kz порталы.

    Өз жауабында Білім және ғылым министрі “Білім туралы” заңға сілтеме жасады. Құжатта бірінші сыныпқа алты жасқа толған балалар баратыны айтылған.

    “Білім туралы заң бойынша бірінші сыныпқа балалар алты жастан бастап барады. Сондықтан баланы алты жастан бастап мектепке жіберу керек. Бірақ, 1 қыркүйекте, қазан, қараша және желтоқсан айларында (алты жасқа толмаған-ред) балалар мектепке дейінгі дайындықты бастағандықтан бұл курсты аяқтап, келесі жылы бірінші сыныпқа барады”, – деді министр.

    Шәмшидинова мектеп бағдарламасы осы жасқа бағытталғанын және балалардың ерекшеліктерін ескере отырып жасалғанын жеткізді.

    “Бірінші сынып бағдарламасы жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған. Тіпті, әліппеге дейінгі, әліппе, әліппеден кейінгі кезең де бар, әліппе кезеңі ұлғайтылды”,- деп түсіндірді Білім және ғылым министрі.

    қатысты посттар

    Алматы облысында карантиндік шаралар күшейтілді

    Фариза

    Ағамыздың денесін жерледік. Басын бермеді – сұмдық жағдай болды

    Фариза

    Көптоғайдағы наразылықтан соң шекара қоршауы өзгертіліп, қайта салынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.