12 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Саясат

    Назарбаев тағы бір жоғары лауазымға ие болуы мүмкін

    Тұңғыш президент құрметті төраға лауазымын иеленуі мүмкін

    Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақта құрметті лауазымға ие болуы мүмкін.

    29 мамырда өтетін, одақтың бес жылдығына арналған ЕАЭО саммитінде Назарбаев оның құрметті төрағасы болып тағайындалуы мүмкін, деп жазады ресейлік “Коммерсант” газеті. Бұл жайында Sputnik Қазақстан хабарлайды.

    Басылым мәліметіне сүйенсек, одақты құру идеясын о баста Нұрсұлтан Назарбаев ұсынғандықтан, осындай шешім қарастырылып жатыр.

    Еуразиялық экономикалық одақ саммиті Қазақстан астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында мамырдың соңында өтеді. Оған ЕАЭО-ға мүше елдердің (Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан) президенттері қатысып, одақтың бес жыл ішіндегі жұмысын талқылайды.

    “Ъ” жазғандай, бұл күні Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ерекше назарда болады.

    “ЕАЭО өкілдерінің пайымдауынша, ол одақтың құрметті төрағасы болып тағайындалады”, – деп хабарлайды БАҚ.

    Айта кетсек, қазір мұндай лауазым жоқ екен, сол себепті Назарбаевтың болашақ өкілеттігі қандай екені әлі белгісіз.

    қатысты посттар

    “Президент өмірден қашан өтеді деп болжам жасайды…” – сенатор әлеуметтік желідегі ақпараттарды сынға алды

    “Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады ?” Қытайлар Қазақстан туралы даулы мақалада не жазды?

    Фариза

    Депутат триллиондап ақша алып жатқан министрлікті сынады

    Пікір қалдыру

    sixteen − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.