14 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Мәдениет және шоу-бизнес

    Димаш Өзбекстандағы тыңдармандарын таңғалдырды (видео)

    Димаш Құдайбергеннің Өзбекстандағы фан-клубының Инстаграм парақшасында әншінің Ташкент төрінде өнер көрсеткен видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Өзбекстанда Қазақстан жылының ашылу салтанатында Димаш Құдайберген әйгілі «Sos d’un terrien en detresse» әнін шырқады. Ол осы әнімен Қытайдағы «I am singer» байқауының шымылдығын ашып, ерек дауысымен көршілес елдің көрермені мен әлем жұртшылығын тәнті еткен еді.

    Әншінің Өзбекстандағы фан-клубының Инстаграм парақшасындағы видеоға жанкүйерлер көптеп пікір қалдырып жатыр.

    «Не деген керемет орындау! Көрермендер біздің сүйікті әншімізді керемет күтіп алды! Димашқа лайық әдемі сахна!», – деп жазады фанаттарының бірі.

    Димаштың өнер көрсеткенін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бөлісіп, Инстаграм парақшасына «Сегіз қырлы Димаш Құдайберген! Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанаты. Ташкент 2019» деген жазба қалдырды.

    Шағын видеода Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев тамсана қол шапалақтап отырғанын көруге болады.

    Еске сала кетсек, кеше Димаш Құдайбергеннің өзбекстандық фан клубы әншіні Ташкенттегі әуежайдан құшақ жая күтіп алған болатын. 

    қатысты посттар

    Нұрлан Албан 0%-бен қалай үй алуға болатынын айтты

    Қостанайда бойжеткен көпқабатты ғимараттың бесінші қабатынан құлап, көз жұмды

    Фариза

    “Елім деген әр азаматтарымызды қамай берсек, еліміздің болашағы не болмақ?” Бақтияр Артаев биліктегілерге үндеу жасады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three + 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.