19 C
Алматы
Сейсенбі, 5 Шілде 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Оқиға

    Шымкентте атыс ұйымдастырған бір топ адам ұсталды

    ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті Ұлттық ұланның арнайы бөлімшесін қатыстырумен тұрақты түрде жергілікті бизнесмендерден ірі ақшалай қаражатты қорқытып алумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесін ұстады деп жазады  otyrar.kz

    Қылмыстық топтың мүшелері бірқатар зорлық-зомбылық, оның ішінде атыс қаруын қолданумен қылмыстар жасады деп күдіктелуде.

    Ұйымдасқан қылмыстық топтың негізін бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін бірнеше мәрте сотталған деструктивті діни ағымды ұстанушылар құраған.

    Банда мүшелерін ұстау олардың кезекті кәсіпкерден күш қолданумен және оның өміріне қауіп төндірумен 10 000 АҚШ долларын қорқытып алу сәтінде жүзеге асырылды.

    Бірқатар тінту жүргізіліп, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қару-жарақ арсеналы бар жасырын орын анықталды,  5 бірлік атыс қаруы және оларға оқ-дәрілер алынды.

    Қазіргі уақытта олардың діни себептер бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының ықтимал фактілері тексерілуде.

    Похожие записи

    Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды

    Фариза

    Алматыда 11 мамырдан кейін де периметр бойынша орналасқан блок-бекеттер ашылмайды. Карантин режимі жалғасады

    Фариза

    «Арыстанбекке тұрмысқа шығуым керек еді»: Экс-министрге қарамай кеткен көпбалалы ана өкінді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.