9 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ротвейлер өз иесінің қызын талап өлтірді

    Алматыда екі жасар қызды ротвейлер ит талап өлтірді.

    Аталмыш оқиға Құрылысшы шағын ауданында орын алған. Кішкентай бүлдіршін дәрігерлер келіп жеткенше қайтыс болып кеткен.

    Кейінірек Алматы қалалық ветеринар қызметінде кішкентай қызға бір емес, екі иттің жабылғанын анықтады. Белгілі болғандай, екі ит те қайтыс болған бүлдіршіннің отбасына тиесілі екен.

    «Қазір кішкентай қызды талап өлтірген ротвейлер уақытша иттер мен мысықтарды ұстауға арналған изоляторда қамауда, оларды арнайы ветеринар мамандар өз бақылауында ұстайды. Болған істің мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ, мұндай тұқымды иттерді асырайтын отбасыларға қауіпсіздік шараларын қатаң ұстану қажеттігі ескертілді», – дейді ведомство қызметкерлері.

    Айта кетейік, мұндай оқиға бірінші рет болып отырған жоқ. Бұл уақытқа дейін де иттер талап өлтірген бірнеше оқиғалар тіркелген. Солардың бірі – 2016 жылдың 13 сәуірінде Ақбұлақ шағын ауданында үш жасар қызды қаңғыған иттер талап өлтірген еді.

    қатысты посттар

    Шымкентте көпбалалы ана ақшаның жетіспеуіне байланысты бір жарым жасар ұлын сатқан

    Фариза

    “3 күн уақыт беріңіздер…” – Даниал Ахметов Зайсан тұрғындарымен кездесті

    Құрбан айтта 60 мыңға жуық отбасыға ет таратылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.