15 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Игорь Крутой: Димаштың бұл бейнебаяны “бомба” болады (видео)

    Танымал ресейлік композитор Игорь Крутой Димаш туралы пікір білдірді. Ол өз карьерасында бұрын-соңды Димаштай әнші болмағанын айтты. 

    “Ол – космос бала. Менің карьерамда Димаштай әнші болмаған”, – деп пікір білдірді Игор Крутой.

    Ал Димаш болса Мәскеудегі концерттен кейін Игорь Крутойға алғыс айтудан шаршаған емес. Сондай-ақ Димаштың кезекті бейнебаянының қашан шығатыны да белгілі болды.

    Игорь Крутойдың айтуы бойынша, “Шаршаған аққулар махаббаты” әніне түсірілген бейнебаян 10-15 сәуір аралығында көрерменге жол тартады.

    “Бюджет жағынан да, сапа жағынан да алып қараған кезде, мұндай бейнебаян соңғы 5 жылда болмаған. Бұл — “бомба” болады деп ойлаймын”, – дейді Игорь Крутой.

    Еске салсақ, 8 наурызда Димаштың “Аққуым”  әніне түсірілген бейнебаян жарыққа шыққан болатын.

    қатысты посттар

    Ахметбек Нұрсила: Отандық жұлдыздар – халықты топастандыратын шегірткелер

    Фариза

    Әлемнің қай түкпіріне барсам да, мен қазақпын” Димаштың видеосы 12 сағат ішінде 120 миллион көрілім жинаған

    Фариза

    DQ әтірі сатылымға шықты: Димаш парфюмі қанша тұрады?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.