11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Димаш өзіне қандай қыздардың ұнайтынын айтты (видео)

    Димаш өзіне қандай қыздардың ұнайтынын айтты.

    –Кремл төріндегі алғашқы концертіңіз қалай өтті?

    –Керемет өтті. Бірақ “әттеген-ай” деген тұстар болды. Онсыз болмайды ғой, енді.  Бірақ көрермендердің ықыласына бөлендім, қошеметін көрдім. Маған бұдан асқан бақыт жоқ. Жанкүйерлердің қолдауының арқасында өзімді құдды бір Майкл Джексондай сезіндім. Сондықтан осы кеште маған қолдау білдірген жергілікті тұрғындарға және шет елден келген қонақтарға алғысымды білдіремін. Осы концерттің өтуіне тікелей септігін тигізген ата-анама, атақты композитор Игор Крутойға үлкен рақметімді айтқым келеді.

    –Сізді жанкүйерлеріңіз сізді ханзада Ди, періште деп атап жатады. Мұндай атаққа ие болу сіз үшін үлкен жауапкершілік шығар?

    –Шын жүрегіммен жанкүйерлеріме рақмет айтқым келеді. Бірақ мен ешқандай періште емеспін. Менің де қателік жіберетін кезім болады. Мен де барлығы секілді қарапайым адаммын.

    –Сіз қазақтың халық әні “Дайдидауды” бүкіл әлемге таныттыңыз. Ендігі арманыңыз қандай?

    –Қазіргі таңда шет мемлекеттерде аз-маз тыңдалып жатқандығы бар. Бірақ одан әрі танытсам деп армандаймын.

    –Сізге қандай қыздар ұнайды?

    –Ақылды болса болды ғой. Ең бастысы – сол. Сосын тәрбиелі болса, жақсы. Бірақ оны не қыласыздар? Оны қайтесіздер? (күлді)

    қатысты посттар

    “Масқара” Дене мүсінін көрсетіп билеген Алтынай Жорабаева халыққа жақпай қалды

    Фариза

    “Қатын болып жүрген жеріңнен еркек қылдым!” Ерболат Төлеген журналистпен арадағы болған дау туралы айтып берді

    Фариза

    ТАРАЗДА «АБАЙДАН АМАНАТ» АТТЫ ОНЛАЙН КОНЦЕРТ ӨТТІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.