16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Оқиға Саясат

    “Астана атауын ауыстыруға наразы” тұрғынды полиция ұстады

    21 наурызда Астанада қала тұрғыны Зәуре Сағидолдинаны полиция ұстады. Бұл туралы azattyq.org радиосы хабарлайды.

    Сағидолдина қала әкімдігіне барып Астана атауын “Нұрсұлтан” деп өзгертуге қарсылық танытпақ болғанын айтады.

    Қала тұрғынын екі полиция таңғы ондар шамасында әкімдікке кетіп бара жатқан жолда ұстап, полиция департаментіне алып кетті.

    Полиция тұрғынды ұстап жатқан сәтте қолындағы қаулыны оқып берді. Қаулыда Сағидолдинаны елде тыйым салынған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысына қатысты қылмыстық іске куәгер ретінде шақырған. Полиция нақты қай қылмыстық іс екенін айтпады.

    20 наурызда парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына ант беріп, президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет астанасына елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды. Ол “облыс орталықтарындағы негізгі көшелерге Назарбаев атын беру керек” деді. Осы күні парламент Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы заң жобасын қабылдағанТоқаев ұсынысын Астана қалалық мәслихаты да қолдаған.

    қатысты посттар

    Қостанай облысында білім бөлімінің бастығы асылып өлді

    Фариза

    Коронавирусқа шалдыққан Мұхтар Тайжан ауруды терлеп жеңу керектігін айтты

    Фариза

    Түркістан облысының әкімі Өмірақ Шөкеев төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.