11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Саясат Экономика

    Астананы Нұрсұлтан деп өзгертуге қанша ақша жұмсалады?

    Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елорда атауын өзгертуге қанша теңге жұмсалатыны әзірге белгісіз екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.

    Дәленовтің айтуынша, елорда атауын өзгертуге қанша ақша жұмсалатыны әлі белгісіз.

    “Есептеген жоқпыз, бірақ қолда бар ақшаның, бюджеттің шегінде деп ойлаймын”, – деді министр парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.

    Ол Астана атауын өзгертуге жұмсалатын қаржы сомасы кейін жеке хабарланатынын айтты.

    “Түсінесіздер ме, атауды өзгерту бірден бола салатын дүние емес. Егер құжат, төлқұжат, маңдайшалардағы атауларды сұрап тұрсаңыздар, мұның бәрі жоспарлы тәртіппен жүзеге асырылады”, – деді министр.

    Айта кетсек, бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, депутаттар Астананың атауын Нұрсұлтан деп өзгертуге бағытталған, Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу туралы заң жобасын екі оқылымда да мақұлдады.

    қатысты посттар

    Бүлдіршінді жабыла тепкілеген балалардың видеосы жұртты шошытты (видео)

    Фариза

    Тоқаевтың сайлауалды штабы үгіт-насихатқа “подписчигі” көп жұлдыздарды тартпақ

    Вице-министр не себепті кей тұрғындарға 42 500 теңге екінші рет берілмегенін түсіндірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.