Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Мәдениет және шоу-бизнес

    Данэлия Тулешова: Димаштың ісіне қайран қалдым…

    Талантты әнші Данэлия Тулешова Димаш Құдайберген жайлы пікірін білдіріп, оның істеген әрекетіне қайран қалғандығын айтты.

    Данэлия бұл жайында өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

    «Осымен The world’s best шоуы аяқталды. Димаштың ісіне қайран қалдым, оның адамгершілік әрекетін бүкіл әлем мойындап, өз деңгейінде баға береді деп ойлаймын, Димаштың ісі – нағыз ерлік! Әншінің өмірінде ең маңыздысы – шығармашылық екенін дәлелдедіңіз. Сахна мен тыңдарманға деген махаббат ешбір нәрсемен салыстыруға келмейді екен. Кремльде болатын жеке концертіңізді асыға күтемін. Мен үшін бұл шоу өмірімдегі кезекті сынақ деп білемін. Бұл жерде көп нәрсені үйрендім және түсіндім. Жеңіске жеткен керемет жанды пианист @lydiannadhaswaramofficial шын жүректен құттықтаймын», – деп жазады Данэлия өзінің желідегі парақшасында.

    Естеріңізге сала кетейік,  Димаш балалармен сайысқа түскісі келмегендіктен жобадан өз еркімен кетті, ал Данэлия финалға өте алмады. Ол What About Us әнін орындады.

    қатысты посттар

    Некесіз туған балаға да алимент төленеді

    «Бетінде сақалы, аузында Алласы болған соң сеніп қалдым»: көпбалалы ана Балғынбек Имашевқа алданғанын айтты

    Фариза

    Димаштың алғашқы альбомы тыңдармандарын тәнті етті (видео)

    Пікір қалдыру

    eighteen − thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.