9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Өте ауыр дертке шалдыққан 4 жасар бүлдіршін: Маған Құдайым көмектеседі…

    Күні кеше көрші балалармен асыр салып ойнап жүрген балақай бүгінде өмір мен өлімнің арасында қалды. 4 жастағы Астана тұрғыны Нұрқадыл Хибадаттың бойынан қатерлі ісік табылған. Қазақстандық дәрігерлер барын салғанымен асқынып бара жатқан аурудың бетін қайтара алмаймыз деп ашық айтыпты. Ендігі үміт шетелдік мамандарда. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

    Амандық Хибадаттың шаңырағына кенже баласының ауырғаны қатты батқан. Осыдан бірнеше ай бұрын ғана орталарында ойнап жүрген перзенті аяқ асты ауырып, бойынан қатерлі ісік табылғанын естігенде есеңгіреп қалыпты. Әуелде Нұрқадылдың беті бері қарағанда бір жасап қалғанымен, қуаныштары ұзаққа созылмаған.

    «Ана мен балада күрделі екі ота жасалды. Алты курс жоғары дозалы химия терапия берілді. Соған қарамастан ісіктің қайта өсіп жатқанын анықтап отыр. Біздің отандық дәрігерлер қолдарынан келгенін жасады. Енді айтып отыр қайталанып өскен жағдайда бізде оны емдейтін протокол жоқ дейді. Біздің қолымыздан келмейді дейді», – дейді баланың әкесі Амандық Хибадатұлы.

    Өмірлерінің қызығын дертке қимаған ата-ана дереу шетелдік клиникаларға хабарласып құжаттарын жіберген. Баланы емдеуге болады, бірақ құны арзан емес екен. Мысалы, Германияда 280 мың доллар, Израильде 300 мың, ал Америкада 500-700 мың доллар аралығында сұраған. Қалта көтереді-ау деп Түркияны таңдапты. Ем-домға 140 мың доллардай қажет екен.   

    «Қазіргі таңда 30 мың доллар туысымнан қарыз алдым. Соның сыртында қолымызда бар ақша 50 мың доллар жинадық. Оның 30 мыңын қарызға алып отырмыз. Енді еміне ар жағында 29 мың доллар керек. Трансплантация жілік майын ауыстыру, егер өзінікін ауыстырса, 40 мың доллар, егер туысынікін ауыстырса, донор онда 65 мың доллар», – деп айтты Амандық Хибадатұлы.

    Кішкентай Нұрқадылдың ағасы мен әпкелері де оны сағынып жүргені байқалады. Оның ойыншықтары бір бұрышта жиналып тұрғанына біраз болған. Үйдің іші де тым тырыс.  

    «Нұрқадылдың жасы төртте. Ол – біздің кенже бауырымыз. Біз оны қатты сағындық. Оның үйге қайтып келуін қалаймыз. Ол өзі ашық бала. Үйде жүгіріп ойнап жүреді», – дейді Тәнзила Хибадат.

    Телефон соққан сайын 4 жастағы балақай әкесіне «Мен үйге қайтып келемін. Маған Құдайым көмектеседі» – деп айтады екен.  

    «Ең бірінші туған туыстарымыздың және осындай жағдайға бейжай қарамайтын қайырымды халықтың арқасында, міне, алғашқы қаражатты жұмсап емімізді бастап кеттік. Алғысымыз шексіз», – дейді Нұрқадылдың анасы Жұлдыз Алпамсақызы.

    «Көп түкірсе көл деген сөз бекер айтылмаған шығар» –  дейді Амандық Хибадат. Бүгінге дейін бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. 140 мың доллар деген аз қаражат емес, оны табуға, жинауға жауық керек. Бірақ, қатерлі ісік күтпейді, күн санап асқына береді. 

    «Малым –  жанымның садақасы» – деп отырған кішкентай Нұрқадылдың отбасы бар дүние мүлкін саудаға шығарған. Көлік пен техникадан бастап өз күштерімен салған үйлеріне дейін сатуды көздеп отыр. Бірақ есептей келгенде оның өзі емдеуге жетпейтін көрінеді. Ендігі үміт қайырымды жандарда. Жомарт жандар көмектесіп жатса, Түркияда емделіп жатқан бала аман есен өз үйіне өз еліне оралуы әбден мүмкін».

    қатысты посттар

    Екі полицейдің өліміне кінәлі BMW жүргізушісі де полицияда қызмет еткен

    Фариза

    Басын шайқап зікір айтып отырған өрімдей қазақ балалары елді шошытты (видео)

    Фариза

    “Ринат өз үйінде болған…” – ІІМ мәлімдемесі

    Пікір қалдыру

    twelve − seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.