15 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    СҚО-да браконьерлер 9 елікті атып алды

    СҚО-ның Қызылжар ауданында заңсыз аң аулау дерегі анықталды. Тәртіп сақшылар Согров мемлекеттік қорығының инспекторларымен бірге браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды qazweek.kz ҚазАқпараттың дерегін негізге алып.

    СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға наурыздың 2-сі болған. Есіл өзенінің жағасындағы Красный Яр ауылының маңында Mitsubishi Delica автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі ұсталды. Петропавлдықтың көлігін тексеру барысында сібір еліктерінің еті салынған қап пен қару табылған. Тәртіп сақшылары сол маңайдан тағы 5 қап ет пен әлі бөлшектелмеген еліктерді және аңдардың терілерін тапты. 

    Полиция қызметкерлерінің айтуынша, облыстың бірнеше тұрғынының заңсыз аң аулаумен айналысқаны анықталып отыр. Олар 9 сібір елігін атып алыпты. Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды. «ҚР ҚК337 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.  Mitsubishi Delica автокөлігі, 5 жұп аңшылық шаңғы, 2 мылтық тәркіленді. Қылмыстың бұл түріне 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған болмаса жазасын өтеуші қоғамдық жұмыстарға жегіледі. Немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – дейді СҚО ПД бас маманы Нұрбек Баекин. 

    СҚО-да жыл басынан табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 189 дерегі анықталды. Оның төртеуі – заңсыз аң аулауға байланысты.

    қатысты посттар

    Елордадағы алапат өртке қатысты жаңа деректер шықты

    Алматыдағы митинг: полиция оқ атты

    Фариза

    Шымкентте атыс ұйымдастырған бір топ адам ұсталды

    Пікір қалдыру

    seventeen + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.