7 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Мәдениет және шоу-бизнес

    Қазақстанның жас өнерпазы Ресейдің танымал әншілерін аузына қаратты (видео)

    Орал қаласының тұрғыны ресейлік “Дауыс. Балалар” телебағдарламасында қазылар алқасын тәнті етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

    11 жастағы Ержан Максим Бірінші арнадағы “Дауыс. Балалар” байқауына қатысты. Оның өнер көрсеткендегі сәті жобаның ресми Youtube-каналында жарияланды. Ержан Андреа Бочеллидің Ama credi e vai әнін орындады.

    Қазақстандық жас өнерпаз байқаудың қазылар алқасын (Светлана Лобода, Пелагея және Валерий Меладзе) тәнті етті. Үшеуі де қазақстандық өнерпазға бұрылып, алған әсерімен бөлісті.

    Ержан Максим жетекші ретінде Меладзені таңдады.  “Ал, қымбатты менің инстадостарым, ақырында, кімнің командасына өткенімді білдіңіздер. Алдымызда көптеген жұмыстар бар, сондықтан “жекпе-жек” кезеңінде бағымды сынайтын боламын”,– деп жазды Ержан Instagram-дағы жеке парақшасында.

    Ержан Максим

    Ⓒkaz.tengrinews.kz

    Осыған дейін, Ержан Максим және тағы төрт қазақстандық жас өнерпаз ресейлік “Дауыс. Балалар” тележобасының кастингінен өткені хабарланған еді. Ержан – Қазақстандағы Junior Eurovision 2018 байқауына іріктеуге қатысушылардың бірі.

    қатысты посттар

    “Менің ұлыма алқаш деген айып тағып отыр” Блок-бекеттегі екі полицейдің өліміне күдіктінің әкесі мәлімдеме жасады

    Фариза

    Түркістан облысында жоғалған бала арықта ұйықтап қалған жерінен табылды

    Фариза

    Құтқарушылар Шымкент қаласының тұрғынына сақинаны шешуге көмектесті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.