11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Саясат Экономика

    Лукашенко Ресеймен бірыңғай валюта енгізуге келісім берді

    Бұл туралы Беларусь басшысы 1 наурыз күні мәлімдеді деп хабарлайды forbes.kz.

    Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресеймен бірыңғай валюта енгізу және бірыңғай эмиссиялық орталық құру бастамасын қолдайды. Бұл туралы мемлекет басшысы жұма күні Минскте өткен “Үлкен әңгімеде” мәлімдеді.

    Белорусь басшысы “Мәскеу сөйлейді” радиостанциясының бас директоры Владимир Мамонтовтың Одақтық мемлекет туралы сұрағына жауап беру барысында бірыңғай валюта жайлы сөз қозғады. Лукашенко соңғы кезде қоғамда бірыңғай валюта жайлы жиі айтылып жүргенін және ол жүйенің енгізілуіне қарсы еместігін атап айтты.

    – Бүгін бізге валюта ұсынды. Қолдаймыз! Әрине, ол рубль болады, – деп мәлімдеді Белорусь мемлекетінің басшысы.

    Президент ол валютаның белорустың да, ресейдің де рублі емес, ортақ валюта болуы керектігін баса айтты. Сонымен қатар, бірыңғай эмиссиялық орталықтың қай жерде болатынын да анықтап алу қажет.

    – Минскте ме? Жоқ, Смоленскте. Оның қайда болатыны маңызды емес. Мейлі, Ресей президентінің Отаны – Питерде-ақ болсын. Ол менің сүйікті қалам,  – деді өз сөзінде Лукашенко.

    Белорусь президентімен болған “Үлкен әңгіме” 1 наурыз күні Минксте өтті. Александр Лукашенкомен кездесуге, шамамен, екі жүздей  журналист, сарапшы, шенеунік келді.

    қатысты посттар

    “Адамзат дәрежесінен сызылған тірі өлік…” Педофил деген кім?

    “Ұсталғандардың бәрі шықты…” – Ринат Заитовтың босап шыққанын көрген жұрт тарады (видео)

    БҚО-да 19 жастағы қыз жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.