15 C
Алматы
Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Сән және стиль

    “Интерсекс” деген кім? Оны емдеуге бола ма?

    Елімізде жыл сайын өмірге келетін балалардың  2 пайызға жуығының нақты жынысы жоқ.  Яғни,  бойында қыздың да, ұлдың да жыныстық мүшелері  қатар дамыған. Қоғамда оларды қосжынысты немесе “интерсекс”  деп атайды, деп жазады Еуразия арнасы.

    Дәрігерлер мұндай балалардың көбеюін генетикалық  ауытқумен, экологияның нашарлығымен және келіншектердің дұрыс өмір салтын ұстанбауымен байланыстырады. Сонымен  Сирия, Өзбекстан, Ливия сынды елдерде  етегін кеңінен жайған потология  бізде қашаннан бері көбеюде? Оны емдеуге бола ма?

    “Интерсекс” деген кім? Әуелі осыған тоқталып көрейікші. Бойында ұлдың да, қыздың да жыныстық мүшелері қатар  жетіліп, дамыған адамдарды, яғни қосжыныстыларды қоғамда осылай атайды. Құлаққа түрпідей тиетін шығар, бірақ жасыраты жоқ, мұндай жандар жыл санап көбейіп барады. Неге? 

    «Бұл потология көп жағдайда генетикалық ауытқумен және эндокринді бездер жұмысының бұзылуымен байланысты болып келеді. Алайда гермафродиттер көбейіп кетті деуге болмайды. Олар бұрын да болған. Тек ата-аналар мұны барынша жасырған. Ал қазір керісінше, туа салысымен бұл мәселені шешуге тырысады. Яғни, ұл әлде қыз бола ма, бірден айтып, ота жасатады», – дейді эндокринолог Гүлмира Әбдуахасова.

    Интерсекс-адамдарды табу оңайға соқпады. Себебі, бұл дертке байланысты ешкім тіс жарғысы келмейді. Әуелі ұят болады деп қысылады, одан бөлек, қоғамның сынынан қорқады. Десе де, әлеуметтік желі арқылы үшінші жынысқа жататындардың бірімен сөйлесе алдық. 

    «Мен сияқты гермофродит жандар үшін не қиын? Әрине, айналадағы адамдардың түсіністік танытпауы, саған тесіле қарап сенбеуі, мазақтап күлуі. Оған қоса, құжат жасатудың машақаты да өте көп. Біздің елде заң бойынша нақты жынысың көрсетілуі керек. Ал оларға гермафродитпін деп айтсаң, анда бар, мында бар деп жүгіртіп қояды. Не арнайы жәрдемақы да қарастырылмаған», – гермафродит Евгенья Алексеева.
     
    Сандарға сенсек, Евгения сияқты жыл сайын 70-ке жуық бала туады екен. 18 млн халқы бар Қазақстан үшін ол әрине, аз көрсеткіш емес. Қоғам белсендісі Ирина Бобкованың сөзінше, қара халыққа  нақты жынысы жоқтарды ерекше адам етіп қабылдауды үйрену керек. Ал оларды көпшіліктен ажыратып, бөлу  біздің жұрттың  сауатсыздығын көрсетеді,- дейді ол.  

    «Көп жағдайда біздің елде баланың бойындағы қасиетіне қарамай, ата-ана өзі шешім қабылдайды. Егер ұл бала сүйгісі келсе ұлды, қыз баланы қаласа, қызды қалдыруды жөн санайды. Ал ертең бала қандай болып өседі, оны мүлдем ойламайды. Болашақта ол  перзент сүйе алмауы мүмкін немесе өмірден әбден түңіліп кетуі де ғажап емес. Сондықтан  бала  өскесін өзі шешім қабылдауы керек. Негізі 18 жасқа дейін мұндай ауыр оталарды өткізуге болмайды», – деп айтады қоғам белсендісі Ирина Бобкова.

    Ал осыдан екі жыл бұрын Алматылық интерсекс-келіншек өзі жайлы бар шындықты жайып салған. Тіпті, мұндай патологиямен отбасы құруға болатынын  да жеткізген еді. 

    «Мен өзімді кемтармын немесе мүгедекпін деп санамаймын. Иә мен қос жыныстымын. Онда тұрған не бар? Ата-анам  мені басқалардан айырықша сәби санап, дәрігерлердің «мүшемді кесіп тастау керек» деген кеңесіне қарсылық білдірген. Әке-шешемнің кезіндегі бұл әрекетін мен олардың маған деген шексіз махаббаты деп санаймын. Иә, мектепте көп мазаққа қалатынмын. Достарым «сайтанның ұрпағы», «еркек-қатын» деп қорлайтын. Алайда, соған қарамастан жігітпен де, қызбен де жүрдім. Болашақта дәрігерлердің көмегімен балалы болам деген арманым бар», – дейді гемафродит Зайтуна Мухидтинова.

    Сорақысы, бала күнінде ота жасалған интерсекс болашақта бала сүюі екіталай екен. Тіпті, жасанды жолмен де. Ал бұл мәселені бес саусағындай біліп, Ұлыбританияда арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген отандасымыз Малика Алимусина мынадай қызықты статиситкамен бөлісті. Оның айтуынша, отаның жеңілдігіне байланысты 2000 жылға дейін  қос жынысты балалардың дені қыз болып қалатын, ал бүгінде жігіт ретінде  өмір сүргісі келетіндер көптеп кездеседі екен. 

    «Біздің жұмысымыз қалай жүзеге асады?  Біріншіден, біз  арнайы зерттеу жүргіземіз. Яғни, бұл потологияның негізгі себептерін анықтаймыз. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қазіргі таңда, 50 пайыз жағдайда мутация гендегі ауытқуға  байланысты болады. Кейін  баланың ішкі ағзаларын зерттеуге кірісеміз. Гармоналдық сараптаманы жасаймыз. Жалпы алғанда уролог, эндокринолог, психологтың жұмысы өте маңызды мұнда», – эндокринолог Малика Алимусина.

    Қалай десек те, жақын туыстық некелер көңінен тараған Сауд Арабиясы, Сирия, Өзбекстан, Ливия үшін бұл қалыпты жағдайға айналғаны қашан. Ал бізде оның өріс ала бастағанына не себеп? 

    «Генетикалық ауытқуларға жүктілік кезінде келіншектің дұрыс өмір салтын ұстанбауы, ішімдікке әуес болуы, шылым шегуі алып келуі әбден мүмкін. Одан ешкім сақтанбаған», – деп айтты эндокринолог Гүлмира Әбдуахасова.

    Бұл ретте ақ халаттылар,  қос жыныстылық потологияның бір түрі екенін еске түсіреді. Яғни, экологияның ластануы, тіпті қарапайым шылым мен алкогольдің өзі сәбиіңіздің мутацияға ұшырауына әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан болашақ перзентінің денсаулығына алаңдаған әр ерлі-зайыпты дәрігерге уақытылы көрініп,  денсаулығына аса мұқият қараған жөн дейді олар.

    қатысты посттар

    Атырау облысында әйел жаңа туған сәбиін қоқыс контейнеріне тастап кеткен

    Фариза

    ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ФАШИЗМ МЕН НАЦИЗМДІ ЖОЮДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҮНДЕУІ

    Фариза

    “Дәретхана мен қыздар жуынатын жерді камерадан қарап отырған” Павлодар облысында сұмдық жайттың беті ашылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.