20 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Саясат

    Экс-министрлер халық жадында несімен есте қалды?

    Отставкаға кеткен Үкіметтің құрамындағы экс-министрлердің артында қандай ісі қалды? Олар өздері басқарған салаға қандай реформалар енгізіп еді? Мәселен, Ерлан Сағадиев пен Мәдина Әбілқасымованың орнын алмастырған  жаңа басшылар бұрынғы  министрлердің қателігін қалай түзейді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасыны хабарлайды.

    “Мы делаем реформы, бәрі шулап жатыр. Газеттер шулап жатыр… Неменеге шулап жатыр? Елдерге түсіндіру керек”.

    Жақында болған биліктегі ауыс-түйіс кезінде кейбір экс-министрлерге әлі  лауазым бұйырған жоқ. Солардың бірі – білім саласын басқарған Ерлан Сағадиев.  

     БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
    «Талап мынау, мұны өзгертесіз. Бүкіл интеллигенцияның талабы. «Сауат ашу» дегеннің атауын құртыңыздар. «Әліппені» бізге қайтарып беріңіз!»

    Ерлан Сағадиевтің тұсындағы есте қалған реформаның бірі – осы. Бір ғасырдан астам тарихы бар Әліппені “Сауат ашу” оқулығымен ауыстырып, басы дауға қалды. Қоғамның реакциясынан кейін Әліппені 0-ші сыныптарға оқытатын болып шешті. Оның өзін қашып пысып жүріп түсіндірді журналистерге. 

    “Әліппе» болады. Сосын 1-сынып Ана тілге көшеді. 0-сыныпта «Әліппе» болады”.

    Экс-министрдің кезінде ғалымдар қазақ тілі үшін бір шу көтерген-ді. Күнделік.кз жобасын енгізгенде де біраз дүрлігіп қалды ел-жұрт. Ата-аналар жаңа реформа бойынша басылған оқулықтардың салмағының ауырлығын айтып наразылығын білдірген еді. 

    “Алты жастағы бала норма бойынша 2 келі көтеру керек. Бұл балалар күнде 5,5-6 келі көтеруде. Оның ішінде мектеп балаға тегін тамақ бермегендіктен әр ата-ана баласының суын, тамағын салып береді. Одан бөлек, дене шынықтыруға киетін киімдері мен мектептегі ауыстыратын аяқ киіміміз бар”. 

    Ел-жұрттың осындай өкпе назы мен қордаланған мәселені Мемлекет басшысы ескеріп, өткне аптада Үкіметті отставкаға жіберді. Ал күні кеше жаңа премьерді таныстыру кезінде бұған жекелеген министрліктердегі қордаланған мәселелер ықпал еткенні айтты. 

    НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
    “Бірақ, жекелеген министрліктердің, әсіресе әлеуметтік саладағы ведомстволардың, жұмысындағы олқылықтар бүкіл Үкіметтің отставкаға кетуіне әкеп соқтырды”.

    Әлеуметтік саланы тура бір жыл басқарған Мәдина Әбілқасымова жаңа жасақталған Үкіметтің құрамында жоқ әзірге.

    Үйренері көп еді. Ол істеген Үкімет отставкаға кетпегенде. Ал, оның көпбалалы аналарға берлетін азғантай жәрдемақыны тым көпсінген бір ауыз сөзі бүкіл елдің жадында қалды. 

     МӘДИНА ӘБІЛҚАСЫМОВА  ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЭКС-МИНИСТРІ:
    “Әр анаға ай сайын, өмір бойы 16160 теңге төленіп отыр. Бұл жәрдемақы табысқа байланысты емес”.

    “Әр облыста қандай мамандықтар керек екені бар ғой, Бердібек? Ты как корефей, скажи”, – дегені тағы бар.

    “Болашақпен” оқып, жеті жұрттың тілін меңгерген жас кадрлар сол корефейлердей бола алмай отыр. Екі-үш облыста әкім болып, кезінде өзі басқарған әлеуметтік салаға Бердібек Сапарбаевтың министр болып келгеніне қуанғандар көп. 

    МАЙРА АЙСИНА,  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
    “Енді ондай мәселені бірден айта қою қиын. Бізге бәрі де өзіміздің жігіттер, қыздар ғой істеп жүрген. Бір жағынан олардың білікті, белсенді екенін білеміз. Кім біледі, қолдарынан қалай келеді?”. 

    Сондай-ақ, Сағынтаев басқарған Үкіметтің құрамында болған министрлерден Ұлттық экономика ведомствосын басқарған Тимур Сүлейменов әзірге ешқандай қызметке тағайындалмады. Әркім сан-саққа жорып жатыр.

    қатысты посттар

    Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары

    Қыздарды маркерке теңеген Жәлел өзінің дауға ұласқан дәрісіне түсініктеме берді

    Фариза

    Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау әрбір мекеменің міндеті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven + thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.