15 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Оқиға

    Таразда көпқабатты үйде болған жарылыстан қаза тапқандардың саны артты (видео)

    Тараздағы көпқабатты үйден шыққан жарылыс салдарынан, соңғы деректер бойынша, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Осыған дейін екі адамның – әйел адам мен ер адамның қаза тапқаны хабарланған еді.  Бірнеше сағаттан соң үйінді астынан үшінші құрбанның денесі табылды. Зардап шеккен алты адам Тараз қаласының №1 ауруханасында ауыр халде жатыр.

    Еске салайық, бұл оқиға бүгін, 27 ақпанда таңғы уақытта болған. Нақтыланған мәліметтер бойынша, 145 адам эвакуацияланған. Үш пәтер бүлінген. Сондай-ақ, сол үйдегі тұрғындардың көбі пәтерді жалдап тұрғаны айтылады.

    «Шамамен сағат 06.20-да 9-ықшамауданда жарылыс салдарынан зардап шеккендер жайлы мәлімет түсті. Барлығы алты адам зардап шекті, үш адам оқиға орнында қаза тапты. Үш адам қалалық №1 және №2 ауруханаларға, сондай-ақ, облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Үш адамға көмек көрсетіліп, олар үйіне жіберілді. Ауруханаға жатқызылғандар қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді», – деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

    Сонымен қатар, №47 мектеп базасына зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсету мақсатында дәрігерлер мен психолог мамандарының көмегі көрсетіліп жатқаны айтылады.

    Ұ

    қатысты посттар

    “Қолдарында – шолақ мылтық” Тападай-тал түсте шымкенттік оқушылар пышақтасып, арты атысқа ұласты

    Фариза

    «Бұл – қателік емес, қылмыс»: Алматыда қазақ зияларылары Қытайдағы қандастарға араша сұрады

    Фариза

    Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужнов сотта кінәсін мойындамады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.